Федеративті елдерді білеміз бе?
Федеративті мемлекет дегенді қалай түсінуге болады және әлемдегі қай елдер федеративті болып саналады?
Нұржан БЕКДІЛДӘ, Алматы
Федеративті мемлекеттің унитарлы елден айырмашылығы биліктің жоғарғы органдарының екі жүйесі (федералдық және федерацияның субъектілері) болады. Яғни федерация құрамындағы субъектілердің өз астанасы, өз азаматтығы, өз заңдары, конституциясы, елтаңбасы, мемлекеттік суверенитеті болуы мүмкін. Әлемдегі федеративтік мемлекеттердің қатарына Австрия, Ресей Федерациясы, Германия, Швейцарлық Конфедерация, Бельгия корольдығы, Босния және Герцеговина, Пәкістан, Малайзия, Біріккен Араб Әмірліктері, Үндістан, Ирак, Непал, Комор Одағы, Эфиопия, Нигерия, Судан, Аргентина, Венесуэла, Канада, Мексикалық Құрама Штаттар, Америка Құрама Штаттары, Бразилия, Сент-Кристофер және Невис, Австралия және Океания, Австралиялық Одақ, Микронезия Федеративті Штаттары.