–Мен күйеуімнің фамилиясына ауысқым келеді. Ол үшін қандай мекемеге баруым керек? Қандай құжаттар талап етіледі екен?
Гүлжан Жантасова, Арқалық қаласы
Аты-жөнiңiздi өзгерту үшiн тiркелген жерiңiздегi жергiлiктi АХАЖ бөлiмiне барып, қадамыңыздың себебiн көрсетiп, өтiнiш жазуыңыз керек. Өтiнiшке қосымша төмендегiдей құжаттар талап етiледi:
1.Жеке куәлiк (көшiрмесi); 2.Туу туралы куәлiк (көшiрмесi); 3.Үй кiтапшасы (көшiрмесi); 4.Сурет 3х4 (2 дана); 6.Конверт (2 дана); Егер үйленген болсаңыз, үйлену туралы куәлiктi (көшiрмесiмен), ал егер ажырасқан болсаңыз, ажырасқандығыңыз туралы куәлiгiңiздi (көшiрмесiмен) алып баруыңыз қажет. Аты-жөнiңiздi өзгерту 1-1,5 айда жүзеге асады.
Сонымен бірге аты-жөнді интернет арқылы да өзгертуге болады. Себебі «Электрондық үкіметтің» интернет-порталында «Некеге тұру немесе бұзылуына байланысты аты-жөн өзгерісін тіркеуге электрондық өтініш беру» жаңа қызметі пайда болған. Мұндай қызмет тек электронды сандық қолтаңбасы (ЭСҚ) барларға ғана көрсетіледі. Ал ЭСҚ-ны www.egov.kz порталынан немесе Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алуға болады. Аты-жөнді өзгерту туралы электрондық өтініш беру үшін порталда тіркеліп, өтінішті (жүйеге мәліметтерді енгізіп, өтінішке ЭСҚ көмегімен қол қою) толтыру жеткілікті. Көрсетілген қызмет үшін мемлекеттік баж салығын төлеу электрондық үкіметтің автоматтандырылған төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
Фамилияны өзгерту үшін не істеу керек?
Последние статьи автора