Фадеев сыйлығын кімдер алған?

Фадеев сыйлығын кімдер алған?

Бірқатар қазақстандық жазушылар Фадеев сыйлығының лауреаттары саналады екен. Олар кімдер және Фадеевтің өзі жайлы қысқаша дерек берсеңіздер.
Ғалым ТҰРАРБЕКОВ,
Талдықорған қаласы

Александр Фадеев атындағы Халықаралық әдеби сыйлық әскери-тарихи тақырыптарды арқау еткен шығармаларды тудырған авторларға беріледі. А.Фадеев (1901-1956) – соғыс тақырыбына жазылған әйгілі «Молодая гвардия» романының авторы. Осы шығармасы үшін оған Сталиндік сыйлық тағайындалған. Ол сондай-ақ кезінде СССР Жазушылар одағының басшылығында істеді және «Литературная газета» басылымының бас редакторы болған. А.Фадеев атындағы әдеби сыйлыққа ие болған қазақстандық жазушылар мыналар:
Әбдіжәміл Нұрпейісов – «Қан мен тер» романы үшін (1982 жыл);
Есет Әукебаев – «Бірлік бәйтерегі» атты өлеңдер жинағы үшін (1983 жыл);
Жұбан Молдағалиев – «Махаббат үні» жыр жинағы үшін (1984 жыл);
Әзілхан Нұршайықов – әскери-патриоттық әдебиетті дамытуға қосқан үлесі үшін (1987 жыл);
Леонид Кривощеков – «Соғыс батысқа қарай кетіп барады» атты романы үшін (1990 жыл);
Қасым Қайсенов – соғыс тақырыбына жазылған шығармалары үшін (2002 жыл);
Тұрсынай Оразбаева – «Огни моей мечты» өлеңдер жинағы үшін (2002 жыл);
Ерсінбек Қойбағарұлы – «Сыйлық» хикаяты үшін (2006 жыл).

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста