Еуропа мемлекеттері атауларының белгілі бір мағынасы бар деп естідім. Нақты мысалдармен берсеңіздер...
Береке СҰЛТАНОВ, Алматы
Иә, мысалы, Португалия, Италия, Нидерланды, Испания сынды мемлекеттердің атауы Қазақстан, Өзбекстан т.б. деген сияқты белгілі бір ұлттың атымен аталмайды. «Порту» латынның рortus сale деген сөзінен шыққан. Яғни «жылы порт» деген мағынаны береді. «Нидерланды» деген атау – neder «төменгі» + land «ел, жер» деген сөздердің жиынтығы. Испанияның этимологиясы «и-шпаним» сөзінен шыққан. Мағынасы – қояндар жағалауы. «Румыния» латынның romanus сөзінен шыққан. Яғни жергілікті ұлттың қазақша атауы «римдік» деген мағынаға саяды. Ал «италия» атауының қандай сөзден шыққаны туралы нақты мәліметтер жоқ. Десе де, грек тілінен «бұзаулар елі» деп аударылады.
Еуропа елдері атауларының этимологиясы қандай?
Последние статьи автора