Қолымда 1996 жылы шыққан 2000 теңгелік бар еді. Оны қайда өткізуге болады?
Гүлжан, Алматы облысы
Оны 1 қарашаға дейін Ұлттық банктің жергілікті филиалына өткізе аласыз. Ал келесі айдан бастап Ұлттық банк 1994 жылы шыққан 1000 теңге мен 1996 жылғы 2000 теңгелікті қабылдауын доғарады. Демек, осы мерзімге дейін бұл ескі банкноттарды өткізіп үлгермесеңіз, олар жарамсыз боп саналады.
Ұлттық банк басқармасының 2001 жылдың 29 қыркүйегіндегі №377 – «ҚР айналымындағы ұлттық валюта сипатындағы ақша белгілерін айырбастау туралы» қабылдаған қаулысына сәйкес, Ұлттық банктің филиалдары 2013 жылдың 1 қарашасына дейін жеке және заңды тұлғаларға жасанды еместігі дәлелденген 1994 жылғы 1000 теңге мен 1996 жылғы 2000 теңгені жаңасына айырбастап бере алады.
Ескі 1000 және 2000 теңге жарамсыз болып саналады деген қауесет рас па?
Последние статьи автора