Ескерткіштердің қандай түрлерін білесіз?

Ескерткіштердің қандай түрлерін білесіз?

Мені тарихи және мәдени ескерткіштер қатты қызықтырады. Бірақ ескерткіштерге қатысты толық мәлімет қолымда жоқ. Сұрайын дегенім, тарих және мәдениет ескерткіштері жалпы қандай түрлерге бөлінеді?
Талап АХМЕТҰЛЫ,
оқушы, Алматы қаласы

Оның түрлері мыналар: 1) қала құрылысы және сәулет ескерткіштері; 2) археология ескерткіштері; 3) ансамбльдер. Сізге түсінікті болу үшін оларға жеке-жеке түсінік беріп кетейік. Ансамбльдер – оқшауландырылған немесе біріктірілген ескерткіштердің, фортификация, сарай, тұрғын үй, қоғам, әкімшілік, сауда, өндіріс, ғылым, оқу мақсатындағы құрылғылар мен құрылыстардың, сондай-ақ діни мақсаттағы ескерткіштер мен құрылыстардың топтары, оның ішінде тарихи қалыптасқан аумақтарда оқшауланған қоныстардың тарихи жоспарлануы мен құрылысының фрагменттері. Археология ескерткіштері – тұрақтар, қалашықтар, қорғандар, ежелгі қоныстардың, бекіністердің, өндірістердің, арналардың, жолдардың қалдықтары, ежелгі қорымдар, тас мүсіндер, жартастағы бейнелер мен жазбалар, ежелгі елді мекендердің тарихи-мәдени қабатының учаскелері және ежелгі адамның өмірі мен қызметінің іздері бар өзге де орындар. Қала құрылысы мен сәулет ескерткіштері – сәулет ансамбльдері мен кешендері, тарихи орталықтар, орамдар, алаңдар, көшелер, қалалар мен басқа да елді мекендердің ежелгі жоспарлануы мен құрылысының қалдықтары, азаматтық, тұрғын үй, өнеркәсіптік, әскери, ғибадат ету сәулетінің, халық сәулетшілігінің құрылыстары, сондай-ақ олармен байланысты монументтік, сәндік-қолданбалы және бақ-саяжай өнерінің туындылары, табиғат ландшафты.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста