Ер кісінің әйеліне қатысты мынадай міндеттері бар:
1. Ішетін, жейтін халал аспен, киімімен, баспанамен қамтамасыз ету.
2. Иман, намаз, көркем мінез секілді шариғат талаптарын үйрету.
3. Неке қиыларда қалыңдық талабы бойынша мәһір беру.
4. Әйелімен сыпайы, әрі көркем мәміледе болу.
5. Әйелін құрметтеу, қадірін білу және жақсылық жасау,
6. Зайыбының төсек құмарын қанағаттандыру,
7. Әйелінің ой-пікірлеріне құрметпен, ал кемшіліктеріне түсіністікпен, кеңділікпен қарау
8. Үй ішіне қатысты істерде оқылдасып отыру
Әйелдің күйеуіне қатысты атқаруға тиіс міндеттер
1. Күйеуіне шын ықыласпен бағыну.
2. Ар-намысы мен күйеуінің мал-мүлкін қорғау.
3. Өмірлік жолдасының қалауларына құрметпен қарау.
4. Күйеуінің көңілін аулап, бала-шағасын ізгілікке баулу.
5. Күйеуінің ата-анасы мен туған-туыстарына құрмет көрсету
6. Үйден шығарда күйеуінің рұқсатын алу
7. Күйеуінің отбасына қатысты істеріне разылықпен қарау
8. Күйеуінің шамасы жетпейтін немесе қажетсіз нәрсені талап етпей, барға қанағат ету
9. Күйеуінің көңілін көтеру ушін сәндену
Еркек пен әйелге ортақ міндеттер:
1. Отбасында жағымды жағдай орнап, жамандықтардың болмауына әрекет ету керек.
2. Алланың бұйрықтарын орындап, тыйымдарынан сақтанып, тақуа отбасын құруға тырысу.
3. Бір-бірінің ата-анасын қастерлеп,туыстарын қадірлеу
4. Өз жауапкершіліктері мен бала тәрбиесіне қатысты мәселелерде ақылдасып отыру.
5. Жанұялық құпия сырларды сыртқа жаймау.
6. Бір-бірінің төсек құмарлықтарын қанағаттандыру
7. Бір-біріне жағу ушін сәндену, май су себіну бір-бірінің көңілін көтер
Дереккөз: Reactor