Қазір Жапониядағы табиғи апаттардан кейін АЭС-тың қауіптілігі айтыла бастады. Менің білгім келетіні, әлемдегі энергетика өндірісінің қанша пайызын АЭС өндіреді?
Нұржақып ШЕРНИЯЗ, Қызылорда
Қазір әлемдік энергетика саласындағы АЭС-тың орны бәлендей үлкен емес. Жалпы, Жер бетінде 439 энергетикалық реактор болса, соның 218-і АҚШ, Жапония, Франция мемлекеттерінде шоғырланған екен. Егер аталған үш мемлекетті қоспай есептесек, әлемдегі электрдің 8 пайызы ғана атом энергетикасынан өндірілген болар еді. Ал жалпы айтқанда, әлемдегі 200-ге тарта мемлекеттің 29-ы ғана АЭС өндірген энергияны пайдалана алады. Онда да солардың 16-сында ғана атомдық электр энергиясы 30 пайызға жетеді. Тағы бесеуінде 15-20 пайызды құраса, Үндістан, Қытай, Бразилия сынды іргелі елдерде ол 3 пайызға ғана жетіп жығылады.
Энергетиканың неше пайызын АЭС-тер өндіреді?
Последние статьи автора