Еңбекке жарамсыздық парағы бойынша ақы қалай төленеді?

Еңбекке жарамсыздық парағы бойынша қанша уақытқа дейін ақы төленеді? Және қандай негізде?
Рәшкен ЕГЕСІНОВА,
Шығыс Қазақстан облысы
Еңбекті нормалау және еңбекке ақы төлеу басқармасының сарапшы маманы­ның мәліметінше, әлеуметтік жәрдемақы тәртібі және төлеу, сондай-ақ оның мөлшерін айқындау ҚР Үкіметінің 2007 жыл­ғы 28 желтоқсандағы № 1339 қау­лысымен бекітілген ережеге сәйкес ай­кын­далады.
Ереженің 5-тармағына сәйкес, жәр­дем­ақы еңбекке қабілетсіздігінің алғаш­қы күнінен бастап еңбекке қабілеті қал­пына келген күнге дейін немесе мүге­дек­тігін белгілегенге дейін жұмыс істейтін ор­ны бойынша төленеді.
Бұл ретте ҚР денсаулық сақтау ми­нистрінің 2009 жылғы 23 қазандағы «Аза­маттарға уақытша еңбекке жарам­сыз­дық парағын және анықтамасын беру ережесін бекіту туралы» №556 бұй­рығымен бекітілген ереженің 15-тар­мағына сәйкес, уақытша еңбекке жа­рамсыздық парағы жүктілікті және бо­сануды, сондай-ақ «Уақытша еңбекке жа­рам­сыздық мерзімін екі айдан артық белгілеуге болатын аурулар түрлерінің тізбесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 4 желтоқсандағы № 1171 қаулысымен белгіленген жағдайларды қос­пағанда, кемінде екі ай мерзімге беріледі. Көрсетілген еңбекке жарамсыз­дық мерзімдері аяқталғаннан кейін аза­маттар еңбекке жарамдылықты анықтау үшін дәрігерлік-консультациялық комис­сия­ға (ДКК) жіберіледі. ДКК-тің қо­рытындысы бойынша жағымды клини­ка­лық және еңбек болжамы кезінде уа­қытша еңбекке жарамсыздық парағы ең­бек­ке жарамдылығын қалпына келтір­ген­ге дейін кемінде екі ай мерзімге, же­ке­леген жағдайларда (жарақаттар, қай­та­дан ауыстыру операцияларынан ке­йін­гі жағдай) кемінде сегіз ай мерзімге, (туберкулезді емдеу кезінде) кемінде он екі ай мерзімге ұзартылады.
Көрсетілген еңбекке жарамсыздық мер­зімдері аяқталғаннан кейін азамат­тар еңбекке жарамдылықты анықтау үшін ДКК-ке қайта жіберіледі. Егер ДКК-тің қорытындысы бойынша оны мү­ге­дек деп тануға негіз болмаса және аза­мат­тардың еңбек жағдайы аурудың кли­никалық ағымы мен болжамын на­шарлатса, онда ДКК-тің екі айдан алты ай­ға дейін мерзімге барынша жеңіл жұ­мысқа уақытша ауыстыру туралы қоры­тын­дысы беріледі. Мерзім мамандығы­на, ау­рулардың ағымы мен асқынуларға қа­рай ДКК-пен белгіленеді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста