Қызметкер 2007 жылы жұмысқа орналасып, 2008 жылы келісімшарт белгісіз мерзімге түзілген. Биылғы оқу жылында келісімшартты ҚР Еңбек кодексінің 28-бабына сәйкестендіріп қайта түзсек, Еңбек келісімшартын жаңа нөмірмен қайта тіркеуіміз керек пе? Жұмыс тәртібі ешқандай да өзгермейді, тек еңбек келісімшартын ҚР Еңбек кодексінің 28-бабына сәйкестендіріп қайта түзбекшіміз. Осының нақты тәртібін айтсаңыздар.
Ақмарал МЕЙРАМХАНОВА, Тараз қаласы
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 32-бабы 1-тармағына сәйкес, еңбек шарты жазбаша нысанда кемінде екі дана етіп жасалады және оған тараптардың қолдары қойылады. Еңбек шарты бір-бір данадан қызметкер мен жұмыс берушіде сақталады. Қызметкердің еңбек шартының бір данасын алуы жазбаша нысанда расталады. Еңбек шартына, оның ішінде басқа жұмысқа ауыстыру кезінде, өзгерістер мен толықтырулар енгізуді тараптар осы баптың 1-тармағында көзделген тәртіппен жазбаша нысанда жүзеге асырады. Еңбек шартының талаптарын өзгерту туралы ұсынысты еңбек шарты тараптарының бірі жазбаша нысанда береді және екінші тарап оны берілген күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде қарайды. Егер келіссөздер нәтижесінде тараптар еңбек шартына өзгеріс (өзгерістер) және (немесе) толықтыру (толықтырулар) енгізу туралы келісімге келсе, олар еңбек шартына өзгеріс (өзгерістер) және (немесе) толықтыру (толықтырулар) енгізу туралы келісім жасасады. Бұл ретте: келісім кемінде екі данада жазбаша түрде жасалады; келісімге қызметкер мен жұмыс беруші қол қояды; келісімнің бір данасы қызметкерде және жұмыс берушіде сақталады; қызметкердің келісімнің бір данасын алуы жұмыс берушінің актісімен белгіленген тәртіппен жазбаша түрде расталуы тиіс.
Еңбек шартының нақты тәртібі қандай?
Последние статьи автора