Мен өткен жылдың 1 қыркүйектен бастап мектепке жұмысқа орналасқан едім. 1 шілдеден еңбек демалысына шықтым. Осы орайда менің білгім келгені, еңбек демалысының ұзақтығы 56 күн болуы тиіс пе, әлде одан аз бола ма?
Назым БЕКНҰРОВА, Қарағанды облысы
Сарапшы маманның айтуына қарағанда, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 105-бабына сәйкес, қызметкерге жұмыс iстеген бiрiншi және келесi жылдары үшiн жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы тараптардың келiсiмi бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында берiледi.
Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына құқық беретiн жұмыс өтіліне:
1) нақты жұмыс iстелген уақыт;
2) қызметкер нақты жұмыс iстемеген, бiрақ оның жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы толық немесе iшiнара сақталған уақыт;
3) қызметкер еңбекке уақытша жарамсыздығына, оның iшiнде жүктiлiгiне және босануына орай демалыста болған уақытына байланысты нақты жұмыс iстемеген уақыт;
4) қызметкер жұмысына қайта алыну алдында нақты жұмыс iстемеген уақыт қосылады.
Сонымен бірге Кодекстің 107-бабына сәйкес, қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын берудiң кезектiлiгi жұмыс берушi қызметкерлердiң пiкiрiн ескере отырып, бекiтетiн демалыс кестесiнде белгiленедi не тараптардың келiсiмiмен белгiленедi. Демалыс кестелерi өндiрiстiк қажеттiлiкке байланысты өзгертiлген жағдайда, жұмыс берушi бұл туралы қызметкерге еңбек демалысы басталардан кемiнде екi апта бұрын хабарлауға мiндеттi.
Осыған орай, егер қызметкерге еңбек демалысы кесте бойынша берілсе, ол толық мөлшерде берілуі тиіс.
Еңбек демалысының ұзақтығы қанша болуы тиіс?
Последние статьи автора