Еңбек демалысына шыққанда материалдық көмек беріле ме?

Еңбек демалысына шыққанда материалдық көмек беріле ме?

Басқа мекемедегі жұмысымен қоса, спорт мектебінде 0,5 жүктемемен жаттықтырушы-оқытушы болып істейтін қызметкерге кезекті еңбек демалысын беру кезінде ҚР «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңға сәйкес, сауықтыруға арналған төлемдердің үстіне жыл сайын бір айлық жалақы көлемінде материалдық көмек көрсетілуі тиіс пе?
Төлеухан,
Қызылорда облысы
Еңбекті нормалау және еңбекке ақы төлеу бас­қармасының сарапшы маманының мәліметінше, Қа­зақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 196-бабына сәйкес, қызметкер өзi еңбек қатынастарында тұрған бiр жұмыс берушiмен (негiзгi жұмыс орны бойынша), сондай-ақ бiрнеше жұмыс берушiмен де қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын жасасуға құқылы. Алайда негiзгi жұмыс орны бойынша және қоса атқаратын жұмысы бойынша күнделiктi жұмыстың жиынтық ұзақтығы Кодекстiң 82-бабында белгiленген күнделiктi жұмыс уақытының нормасынан төрт сағаттан артық аспауға тиiс. Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартында жұмысты қоса атқару жөнiнде сiлтеме болуы мiндеттi. Кодекстің 199-бабына сәйкес, қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы негiзгi жұмысы бойынша демалыспен қатар берiледi. Егер қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты бойынша жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығы басқа жұмыс бойынша дема­лыстың ұзақтығынан аз болса, жұмыс берушi қоса атқарушы – қызметкердiң өтiнiшi бойынша демалыс ұзақтығының айырмасын құрайтын күндерге жалақысы сақталмайтын демалыс бередi. Бұл ретте, Кодекстің 239-бабына сәйкес, мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын азаматтық қызметшiлерге лауазымдық жалақысы мөлшерiнде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтiзбелiк 30 күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берiледi.
Осыған орай, аталған жәрдемақы, сондай-ақ материалдық көмек негізгі жұмыс орны (лауазымы) бойынша, сонымен бірге қоса атқаратын жұмыс орны (лауазымы) бойынша төленуі тиіс. Бұл ретте, аталған төлемдер осы қызметкердің лауазымдық жалақысы мөлшерінде төленеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста