Еңбек демалысы уақытында ауырғанда ақы төлене ме?

Еңбек демалысы уақытында ауырғанда ақы төлене ме?

Егер қызметкер еңбек демалысы уақытында ауырып, ол туралы ең­бек­ке жарамсыздық парағын алып келсе, осыған орай еңбек дема­лы­сы­ның мерзімі ұзартылып, ақы төленуі тиіс пе?
Жанғайша ӘБДІРОВА,
Қарағанды облысы
Еңбекті нормалау және еңбекке ақы төлеу басқармасының сарапшысының мәліметінше, ҚР Еңбек кодексінің 108-ба­бына сәйкес, жыл сайынғы ақылы ең­бек демалысы:
– қызметкер еңбекке уақытша жа­рам­сыз болған, жүктiлiкке және боса­ну­ға байланысты демалыста болған;
– егер бұл үшiн заңда жұмыстан бо­са­ту көзделсе, қызметкер жыл сайынғы ақы­лы еңбек демалысы уақытында мем­ле­кеттiк мiн­деттер атқарған жағ­дай­лар­да толық немесе оның бiр бөлiгi ауыс­тырылады.
Бұл ретте кодекстің 159-бабына сәй­кес, еңбекке уақытша жарамсыздық бо­йын­­ша жәрдемақы:
1) заңды күшiне енген сот үкiмiмен кi­нәлi екендiгi анықталған жағдайда оның қылмыс жасау кезiнде алған жара­қат­­тарының салда­рынан еңбекке уа­қыт­ша жарамсыздық туындаған қыз­метк­ер­г­е;
2) соттың ұйғарымы бойынша қыз­мет­­кер­­дi мәжбүрлеп емдеген (пси­хи­калық ауру­лар­дан басқа) уақыт үшiн;
3) заңды күшiне енген сот үкiмiмен немесе қаулысымен қызметкердiң кiнәлi екенi анық­талған жағдайда ол қа­мауда болған уақыт үшiн және сот-ме­ди­ци­налық сараптама жа­сал­ған уа­қыт үшiн;
4) қызметкердiң iшiмдiк, есiрткi және уытты заттарды пайдалануы салдарынан туын­даған ауруларға немесе жара­қат­тар­ға бай­ланысты еңбекке уақытша жа­рам­­сыздығы кезiнде;
5) жыл сайынғы ақылы еңбек дема­лы­­сымен сәйкес келетiн уақытша еңбекке жа­­­рам­сыз күндер үшiн төленбейдi.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста