Ең ұзақ жасайтындар...

Ең ұзақ жасайтын тіршілік иелері туралы жазсаңыздар. Адамнан ұзақ өмір сүретін жануарлар туралы білгім келеді.
Әли Нұркенұлы,
Алматы қаласы

Адамнан ұзақ өмір сүретін жануарлар өте көп. Жануарлардың ішінде ұзақ жасайтындары – теңіз тасбақалары мен қолтырауындар. Олар 200-300 жыл өмір сүреді. Балықтар да ұзақ жасайды. Жайын, тұқы және акула 100 жыл өмір сүрсе, шортандар олардан да көп жасайды екен. Ал құстардың ішінде тотықұстың бір жарым ғасырдай өмір сүретіні ақиқат. Тіпті аққулардың ғасыр жасағандары да бар. Дегенмен тіршілікте өте қысқа жасайтын жануарлар да кездеседі. Негізінен, ұсақ жануарлардың тіршілігі тым қысқа: тышқан – 1,5-2 жыл, үй қояндары – 8 жыл, тиін – 8-9 жыл, кәмшат – 6-11, қасқыр 15 жыл ғана жасайды. Француз ғалымы Ж. Бюффеннің зерттеуінше, жан-жануарлардың бой өлшемі мен өмір жасының арасында байланыс бар. Жас ағзаның өсіп-жетілуіне кететін уақыттан бес есе көп болады. Яғни түйе 8 жыл өседі, барлығы 40 жыл жасайды. Адам бойы 20 жасқа дейін өседі, ол 100 жыл жасауы тиіс. Алайда, мысалы, тотықұстар екі жылда өсуін тоқтатады, бірақ жасы 100-ден асады, сонда мұның сыры неде екені әлі күнге беймәлім. Ал адамдардың ұзақ жасауының сырын ғалымдар олардың жағрафиялық орнымен байланыстырады. Тұрғындары ұзақ жасайтын Эквадордағы Вилькабамба, Пәкістандағы Қарақорым,  Кавказдың таулы өлкесі, Якутияда жұрт үнемі жаяу жүріп,  ауыр еңбекпен айналысады. Сондай-ақ әлемдегі  ұзақ өмір сүрушілердің барлығы да тамақты шамадан тыс ішпейді, үнемі көңілді жүреді, ұрысып-керісіп жүйкесін жұқартпайды, уайымға салынбайды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста