Ең ауыр доп – баскетболшылардікі

Ең ауыр доп – баскетболшылардікі

Доп «көкпарға» тартылатын, яғни доппен ойнайтын спорт түрлері өте көп. Тіпті спорт атауларының өзіне де «доп» сөзі тіркесіп жүреді. Білейін дегенім, ең ауыр тартатын доп қай спорт түрінде қолданылады?
Нұрлыбек Шаймұрат,
оқушы, Павлодар облысы
Бұл күндері футбол, волейбол, баскетбол, регби, гандбол, теннис сияқты спорт түрлеріндегі ең басты спорттық құрал ретінде доп пайдаланылады. Алайда доптардың салмағы да түрлі жас мөлшерлеріне қарай бөлінетінін ұмытпау керек. Мысалы, салмағы 475 грамға жететін гандбол добымен 8 бен 12 жас аралығындағы спортшылар ойнай алмайды. Мұндай ереже футбол мен баскетбол ойыншыларына да қатысты.
5-інші өлшемдегі ресми матчтарда қолданылатын футбол добының салмағы 450 грамнан аспайды.
Волейбол добының салмағы – 260-280 грамм шамасында. Гандбол добының салмағы үш жас категориясына бөлінеді. Ресми кездесулер, негізінен, 425-475 грамм аралығындағы доппен ойналады.
Регби добының пішіні – сопақша. Салмағы – 410-460 грамм аралығында.
7-інші өлшемдегі ресми матчтарда қолданылатын баскетбол добының салмағы – 567-650 грамм аралығында. Яғни баскетболда қолданылатын доп ең салмағы ауыр доп болып саналады.
Ең жеңілі – теннис добы. Оның салмағы небәрі 58,5 грамнан аспайды екен.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста