Ең алғашқы халықаралық ұйым – Қызыл Крест ұйымы
Халықаралық ұйымдар қай ғасырдан бастап құрыла бастаған?
Нұрилә, Астана қаласы
Ғалымдар халықаралық ұйымдар XIX ғасырдың екінші жартысында пайда болды деп санайды. Алғашқы бұқаралық екі бірдей халықаралық ұйым – 1863 жылы швейцарлық Анри Дюнанның бастамасымен «Қызыл Крест» және «Бірінші интернационал» деген атпен құрылды. 1864 жылы Лондонда К.Маркс пен Ф.Энгельс «Халықаралық жұмысшылар жолдастығы» ұйымының іргетасын қалады. Ал ең алғашқы халықаралық һәм үкіметаралық ұйым 1874 жылы «Жалпы пошталық одақ» деген атпен дүниеге келген. Жалпы зерттеушілер халықаралық ұйымдардың құрылуына I және II дүниежүзілік соғыстар түрткі болғанын айтады. Соғыс аяқталғаннан соң, әлем жұртшылығы соғыс зардабын талқылап, енді қауіпті болдырмау үшін тиімді, оңтайлы халықаралық қауіпсіздік жүйесін құруға талпыныс жасады. Осылайша, 1919 жылы «Ұлттар Лигасы» құрылып, 1945 жылы Сан-Францискода Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы қабылданды.