Қағаздың ең алғаш Қытайда пайда болғанынан хабарым бар. Ал ең алғаш газет қай елде басылып шыққан? Сондай-ақ қазақ тіліндегі газет қашан және қай жерде жарық көрді?
Тұғырым ҚЫЗЫРХАН, Алматы облысы
Мерзімді баспасөздің ең негізгі әрі көне түрлерінің бірі — газет. Қағаз өндірісінің дамып, полиграфиялық технологияның бастапқы тәсілдерінің жетілдірілуіне байланысты алғашқы газеттер Батыс Еуропа елдерінде шыға бастады. Нақтырақ айтар болсақ, Германияда — 1609 жылы, Ұлыбританияда — 1622 жылы, Францияда 1631 жылы алғашқы басылымдар жарық көрген екен. Қазақ тіліндегі алғашқы мерзімдік басылым — «Түркістан уәлаятының газеті» деген атпен 1870 жылы Ташкент қаласында жарық көрген. Бұл басылым қазақ даласында Ресей империясының отарлаушылық саясатын жүргізудің құралы ретінде дүниеге келгенімен, ұлттың баспасөзін қалыптастырып, зиялы қауымның азаттық идеяларын бұқараға жеткізуде баспасөздің маңызы зор екендігін түсінуіне ықпал етті.
Ең алғаш газет қашан, қай елде жарық көрген?
Последние статьи автора