Елордадағы достық монументінің авторы кім?
Еліміздің бас қаласы Астанада ұлтаралық татулықты, халықтар ынтымақтастығын паш етіп тұрған «Халықтар достығы» монументі бар. Қала орталығында жарасым тапқан осы ескерткіштің авторы кім екенін білуге бола ма?
Талап Әбілқасым, Алматы қаласы
2003 жылы бой көтерген бұл монументтің авторы – белгілі мүсінші Сәкен Нарынов. Елдік пен достықтың белгісіне айналған ол биіктігі сегіз метр болатын үш бейнеден тұрады. Монументте тарихи тағдыр біріктірген адамдардың ынтымағы өзара байланысқан үш қол арқылы өрнектелген. Басы мен шегі жоқ мұндай тораптар ұзақ өмірді, шексіз бақытты және тонның ішкі бауындай жарасымдылықты білдіреді. Мүсіннің жанындағы субұрқақтардан орман тәрізді композиция жасалған. Әр субұрқақ орташа мөлшердегі гранитті тақталардың қиылысында орын тепкен. Сәкен Нарыновтың айтуынша, бұрқақтар елімізде қалыптасқан көптүрлі мәдениет үйлесімділігін меңзейді.