Бұрындары ауыл-ауылдарда туберкулезге шалдыққандарды анықтау үшін жылжымалы флюорографияны жиі қолданатын. Көлікпен жүріп, тұрғындарды тексеретін еді. Қазір осы жүйе сақталған ба?
Бексұлтан ӘЛІМБЕТОВ, Оңтүстік Қазақстан облысы
ҚР Туберкулез мәселелері ұлттық орталығының директоры, медицина ғылымының докторы, профессор Тілеухан ӘБІЛДАЕВ:
—Туберкулез мәселесі бойынша халықты жылжымалы флюорографиямен тексеру ісі әлі де жүріп жатыр. Аймақтардағы тұрғындарды жылжымалы флюромен тексеру жыл сайын ұйымдастырылады. Оның ішінде дәрігерлер, мұғалімдер т.б. бюджет саласының қызметкерлерінің барлығы тұрақты түрде тексеріліп тұруы тиіс. Негізі, ауылдық жерлерге жылжымалы флюроны апару әр кезде әрқалай ұйымдастырылады. Мәселен, кейбір аудандардың өздерінің флюросы бар. Олар кесте бойынша жылына бір рет ауылдарға шығып, тұрғындардың денсаулығын анықтайды. Ал кейбір аймақтарда екі ауданға бір флюро берілген. Мұндай кезде екі ауданның келісімі бойынша, бірінші туберкулез қаупі көп ауылды тексеріп, одан кейін басқа ауылдарды тексеру жалғаса береді. Міне, осы жүйе бізде бұрыннан қалыптасқан.
Елімізде жылжымалы флюорография қолданыла ма?
Последние статьи автора