Радионың тетігін ауыстырған сайын неше түрлі арналардың бар екенін аңғарасың.
Нұршат Рабатқызы, Ақтөбе қаласы
Бүгінгі таңда елімізде ақпарат саласы бәсекелестік жағдайда даму үстінде.
Бұл нарықта мемлекеттік ақпарат құралдарымен қатар, коммерциялық, жекеменшік ірілі-ұсақты медиа-компаниялар да көбеюде. Ресми деректер бойынша, 1990 жылға дейін республикамыздың ақпарат айдынында бар болғаны 10 мемлекеттік газет пен журнал, 21 теле-радиоарналар болса, бүгінде іс жүзінде әрекет ететін 2 750-ден астам мерзімді басылым, телерадиокомпаниялар мен ақпараттық агенттіктер бар. Ал радиоарналарға келер болсақ, бүгінгі таңда олардың нақты саны жоқ. Кейбір деректерде радиоарналар саны шамамен 200-ге жуық деп көрсетіліп жүр. Себебі радиоарналар әрбір қалада, облыс, аудандарда бар. Бұған қоса, біздің әуе толқыны арқылы алыс-жақын шетелдердің де радиоларын тыңдауға мүмкіндіктер бар. Алайда қазіргі таңда республикамызда кеңінен танымал, тыңдарман аудиториясы зор мынадай радиоарналар жұмыс істейді:
Қазақ радиосы, «Шалқар», «Хабар», «Азаттық» радиосы, «Тенгри FM», «NS», «Русское радио», «31 радио», «Ретро FM», «Европа +», «Авторадио», «Хит FM»