Қазақстанда қанша қала бар? Қала мәртебесі бар елді мекендер қай өңірде көп шоғырланған?
Алмат, Алматы қаласы
Елімізде «қала» мәртебесі 86 елді мекенге берілген. Оның 28-і халқы 50 мың адамнан асатын ірі қалалар болса, 60-қа жуығы – халқының саны 50 мыңнан аз өнеркәсіп орталықтары. Ірі қалалардың қатарында 14 облыстың орталығы, Астана мен Алматы, Семей, Екібастұз, Теміртау, Түркістан, Рудный шаһарлары бар. Ал Ақмола облысындағы Ақкөл, Атбасар, Есіл сияқты елді мекендерге «шағын қала» мәртебесі берілген. «Қала» аталатын әкімшілік мекендер Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында көп шоғырланған.
Елімізде қанша қала бар?
Последние статьи автора