Оқушыларға аспан мен жұлдыздар әлемі жайлы бейнелі түрде мағлұмат беретін планетарийлер елімізде қанша?
Жадыра Медетова, Астана қаласы
Планетарий – аспан қабаты, жұлдыздар, ғаламшарлар, Жер серіктері, кометалар мен метеориттер, Күн мен Ай тұтылулары, басқа да астрономиялық нысандар мен құбылыстарды көпшіліктің тамашалауына ұсынатын ғылыми-ағарту мекемесі. Қазақстанда тұңғыш әрі жалғыз стационарлы планетарий Ақтөбеде орналасқан. 1967 жылы ашылған ғимараттың басты артықшылығы – жұлдызды аспанды түп-түгел көз алдына әкелетін «Планетарий» атты жабдық. 60-жылдардың соңында оны өңірде еңбек етіп жүрген неміс жұмысшылары сыйға тартқан. Керемет жабдық алғашқыда кәдеге жарай қоймай, қоймада жатып қалады. Бірақ кейін аппараттың сырын түсінген басшылар Ақтөбеде стационарлы планетарий ғимаратын салуды ұйғарады. Бүгінде бұл нысан Еуразиялық планетарийлер достастығы құрамына енеді. Жергілікті астрономдар Пулков обсерваториясымен, Мәскеу планетарийімен және Алматы астрофизика институтымен 40 жылдан бері тығыз байланыста. Айта кетейік, қазір еліміздің басқа аймақтарында мобильді планетарийлер де ашылып жатыр. Мәселен, жақында ғана Қостанайда осындай орталық пайда болды.
Елімізде қанша планетарий бар?
Последние статьи автора