Қазақстанда ағылшын тілінде газет шыға бастады деп естідім. Жаңа басылымның атауы қандай және ол қандай аудиторияға бағытталған?
Ғабит РАБАТҰЛЫ, Алматы облысы
«Ақ Жайық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі таратқан мәлімет бойынша, Атырауда ағылшын тілді оқырмандарға арналған West Kazakhstan Today газетінің алғашқы саны жарыққа шықты.
Әзірге бұл жаңа басылымның алғашқы сандары «Ақ Жайық» газетінің қосымшасы ретінде таратылмақ. Кейін сұранысқа орай өз алдына жеке ақпарат көзіне айналмақ. Жоба авторларының айтуынша, бұл басылым еліміздің мұнайлы өңірінде жұмыс бабымен тұрып жатқан шетелдік азаматтарға ғана емес, жергілікті тұрғындарға, ағылшын тілін жақсы меңгерген немесе енді оқи бастаған жастар үшін қызықты болмақ. Қалай десек те, елімізде ағылшын тіліндегі газеттің шығарылуы – ағылшынша сөйлейтін аудиторияға есептелген үлкен жобаның басы ғана.
West Kazakhstan Today таралымы 16 мың дананы құрап отыр. Ағылшын тілінде тек аймақтық ақпарат қана емес, сонымен қатар Қазақстанның қоғамдық-саяси, экономикалық, мәдени өмірі туралы баяндайтын материалдар да жарияланады. Бұл Қазақстанда жұмыс істеп жүрген шетелдік азаматтардың бұл елмен жақынырақ танысуына жақсы мүмкіндік тудырмақ.
Елімізде ағылшынша газет шыға ма?
Последние статьи автора