Елімізде өзге ұлт өкілдерінің мәдениеті мен тіліне қолдау көрсетіліп келе жатқаны белгілі. Өзге ұлт өкілдерінің қанша этномәдени бірлестігі жұмыс істейді?
Дулат МЕЙІРЖАНҰЛЫ, Шымкент
Кеше ғана ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджанов Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) мүшелерімен кездесуінде сөйлеген сөзінде бірқатар фактілерді келтірді. Мәселен, еліміздегі 108 мектепте 22 этностың тілі жеке пән ретінде оқытылады. 88 мектепте өзбек, тәжік, ұйғыр және украин тілдерінде сабақ жүргізіледі. Республикада 30 этностың тілін үйрететін 190 лингвистикалық орталық жұмыс істейді. Орыс тілінде 900 баспасөз құралы тарап отыр. 15 этностың тілінде 35 баспа басылымдары шығады. Еліміздің телеарналарында 11 тілде хабар таратылады. 14 орыс және өзбек театры, сондай-ақ кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістіктегі бірден-бір ұйғыр, кәріс және неміс театрлары жұмыс істейді. Тек 2010 жылдың өзінде ғана ұлттық театрларды қаржыландыру көлемі 374 миллион теңге болды, бұл көрсеткіш 9 жыл ішінде 4,5 есеге артты. Бүгінгі таңда еліміздің барлық өңірлерінде 820 этномәдени бірлестік ойдағыдай жұмыс істеуде. Олар үшін Астанада Бейбітшілік және келісім сарайы, 10 облыстың орталығында Достық үйлері салынды. Сондай-ақ Парламентте этностардың 13 өкілі, ал мәслихаттарда 32 өкілі жұмыс істейді.
Елімізде 820 этномәдени бірлестік жұмыс істейді
Последние статьи автора