Елдің әкімшілік-аумақтық бірліктері қалай анықталады?
Қазақстанның әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы қандай? Аймақ, елді мекен ұғымдары қалай анықталады?
Жұлдыз, Талғар
Қазақстан Республикасы әкiмшiлiк-аумақтық құрылысының жүйесiне мынадай әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер кiредi: ауыл (село), поселке, ауылдық (селолық) округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс. Қазақстан Республикасы аумағының республикалық және жергiлiктi мүдделерiн қолайлы ұштастыру негiзiнде мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыру негiзгi екi категорияға – аймақтарға және елдi мекендерге бөлiнедi. Аймақ – республиканың бiрнеше елдi мекендерi енгiзiлетiн, оның мүддесi үшiн құрылатын және басқарылатын республика аумағының бiр бөлiгi. Республикалық әкiмшiлiк-аумақтық құрылыстың негiзгi буындары ретiнде облыс, аудан және ауылдық (селолық) округ аймақтар болып табылады. Елдi мекен – республика аумағының халық жинақы орналасқан, кемiнде 50 адамы бар, азаматтардың шаруашылық және басқа қоғамдық қызметi нәтижесiнде қалыптасқан, заңда белгiленген тәртiпте есепке алынған және тiркелген, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар басқаратын бiр бөлiгi. Қазақстан Республикасы аумағындағы елдi мекендер қалалық және селолық елдi мекендерге бөлiнедi. Қалалық елдi мекендерге – республикалық, облыстық және аудандық маңыздағы қалалар, сондай-ақ олардың әкімшілік бағыныстылығының аумағындағы поселкелер; селоларға – олардың әкiмшiлiк бағыныстылығына қарамастан қалған барлық елдi мекендер жатады.
Халқының саны 400 мың адамнан асатын облыстық маңызы бар қаладағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аудан, қаладағы аудан болып табылады.