Кейбір елдердің ескі атаулары туралы біле бермейміз, кейде тарихи атауларын шатастырып жатамыз. Осы туралы толығырақ мәлімет берсеңіздер екен.
Рима, Батыс Қазақстан облысы
Эфиопияның ескі атауы – Абиссиния, Чех Республикасы және Словакия Богемия, Моравия, Чехословакия деп аталған. Сол сияқты Шри-Ланка – Цейлон аралы, Иран – Парсы, Ирак – Месопотамия, Зимбабве – Оңтүстік Родезия, Замбия – Солтүстік Родезия, Танзания – Танганьика және Занзибар, Конго Демократиялық Республикасы – Заир, Буркина-Фасо – Жоғары Вольта, Ливия – Триполитания және Киренаика, Алжир – Нумидия, Мали – Судан Республикасы, Франция – Галлия, Вьетнам – Қытай кохинхинки (оңтүстік), (орталық) Аннам, Тонкин (солтүстік), Мьянма – Бирма, Корея (Солтүстік пен Оңтүстік) – Чосон, Камбоджа – Кампучия, Тайвань Формоза деп аталған екен.
Елдердің ескі атаулары қандай?
Последние статьи автора