Елбасы шәкіртақысы кімдерге берілді?

Елбасы шәкіртақысы кімдерге берілді?

Жыл сайын жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттарына тағайындалатын Н.Назарбаев шәкіртақысы биыл кімдерге берілді?
Назира Дүкенқызы,
Алматы облысы
Биыл аталған шәкіртақыға еліміздің жоғары оқу орындарынан 10 магистрант ие болды. Олар – Еркеш Біржантиев (Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, саясаттану), Жансая Багитова (Әл-Фа­раби атындағы Қазақ ұлттық университеті, химия), Алмас Мұхаметов (Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ ұлттық аграрлық университеті, экономика), Елена Панова (Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техни­калық университеті, мұнай химиясы), Саят Ыбырайы­мов (Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, педагогика және психология), Венера Қалиева (Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, қазақ тілі және әдебиет), Ақмарал Есім­ханова (Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлт­тық медициналық университеті, мейірбике ісі), Ренат Алманов (Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, режиссура), Элеонора Жұмадьярова (Қазақ ұлттық өнер университеті, хореография) және Эмиль Сакавов (Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, вокалдық өнер). Мұндай қолдауға ие болғандарды жуырда ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов қабылдап, Н.Назарбаев шәкіртақы­сына ие болған магис­транттарға шәкіртақы­ның ресми куәліктерін табыс еткен болатын.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста