«Ел іші – өнер кеніші» байқауының шарттары қандай?

«Ел іші – өнер кеніші» атты байқау өтеді деп естіп едім. Байқаудың ұйым­дастырушылары кімдер және оның талап-ережелері қандай?
Айбол Дүйсенбекұлы,
Алматы облысы
«Ел іші – өнер кеніші» атты республи­калық телевизиялық халық шығарма­шы­лығы байқауын еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігі жариялап отыр.
Министрліктің баспасөз қызметі тарат­қан мәліметтерге сүйенсек, байқауға рес­публикамыздың барлық аймақтарының, Алматы мен Астана қалаларының көрке­м­өнерпаз шығармашылық ұжымдары мен 15-35 жас аралығындағы жеке орын­дау­шылар қатыса алады. Байқаудың басты міндеті – жас дарындарды анықтау және таланттарға, өзіндік ерекшеліктері бар шы­ғармашылық ұжымдар мен орындаушы­ларға қолдау көрсету.
Байқау музыка және би, театр өнері және оригиналды жанр, бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер сияқты үш аталым бойынша өтеді.
Байқау аймақтардағы сұрыптау кезе­ңінен құрастырылып, Астанада өткізілетін гала-концертпен аяқталады және БАҚ беттерінде жарияланады. Байқау үстіміз­дегі жылдың мамыр-қараша айлары аралығында өткізіледі. Байқауға қатысуға өтінішті жергілікті жерлердегі мәдениет басқармалары қалыптастырып, байқау­дың өткізілу мерзімі мен орны туралы ақ­па­рат­ты Мәдениет және ақпарат министр­лігіне 2012 жылдың мамыр айына дейін ұсына­ды. Қатысушылардың шығарманы орын­дау ұзақтығы 3-5 минуттан аспауы керек. Ең үздік ұжымдар мен орындау­шы­лар Астанада өтетін қорытынды гала-концерт­ке қатысады. Байқаудың жеңім­па­зы әділ­қазылар алқасының шешімі бойынша гала-концертте анықталады. Байқау тура­лы толық мағлұматты www.mk.gov.kz алу­ға болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста