Мен Ақтөбе облысында экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймақта тұрамын.
Мерейгүл Тұрдығалиева, Ақтөбе облысы
Еңбекті нормалау және еңбекке ақы төлеу басқармасының сарапшы маманының мәліметіне қарағанда, «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 30 маусымдағы заңының 5-бабына сәйкес, экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймаққа кiретін елді мекендерде жұмыс істейтіндердің айлық еңбекақысына коэффициент қосып төлеу белгіленген.
Заңның 13-бабына сай, экологиялық қасірет аймағында тұратын халыққа экологиялық жағынан қолайсыз жағдайда тұрғаны үшін:
– экологиялық апат аймағы бойынша – 1,5
– экологиялық дағдарыс аймағы бойынша – 1,3
– экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймақ бойынша 1,2
коэффициентті қолдана отырып, еңбекке ақы, стипендия төлеу белгіленген.