Биыл қазақ күресінен өткен «Қазақстан Барысы» турнирі жанкүйер көкейінде көп сұрақ қалдырды. Атап айтар болсақ, Бейбіт Ыстыбаев пен Ержан Шынкеев арасындағы даулы оқиғаның біраз мамандар мен жанкүйерлер жүйкесіне ши жүгірткені рас. Жуырда «Қазақстан Барысы» жобасы идеясының авторы Арман Шораев балуандарды жазалаймыз деп сұхбат берген. Турнир аяқталды, ал балуандарға қандай шаралар қолданылды?
Ақылбек ҚҰЛЖҰМЫРОВ, Ақтөбе облысы
2013 жылғы «Қазақстан Барысы» турнирінің финалында ереже бұзған екі балуан Ержан Шынкеев пен Бейбіт Ыстыбаев қазақ күресінен өтетін сайыстардан шеттетілді. Бұл туралы «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қорының баспасөз қызметі хабарлайды. Серік Төкеев бастаған Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының мамандары төрешілермен ерегеске барғаны үшін Ержанды 2 жылға қазақ күресінен өтетін бәсекелерден шеттетті. Ал үшінші орынға күресер кезде кілемге шықпай қойған Бейбіт Ыстыбаев бір жыл бойы қазақ күресінен өтетін додаларға қатыспайды. 2014 жылғы «Қазақстан Барысы» додасына соңғы ескертумен ғана қатыса алады Бейбіт. Яғни биыл қазақ күресінен өтетін Әлем және Азия чемпионатынан аталған екі балуан да тыс қалады. Балуандардан бөлек, сол атышулы жекпе-жекке қазылық жасаған үш төреші 2 жыл қатарынан қазақ күресінен өтетін турнирлерде төрелік етпейді. Биыл керемет жобаның көркін кетірген адамдар Қазақ күресі федерациясының тарапынан осылай «жазаланды».
Екі балуанымыз «Қазақстан барысынан» шеттетілді
Последние статьи автора