«Эфир» деген не?

«Эфир» деген не?

Қазір теледидарларда тікелей эфирде өтетін бағдарламалар көп. Жалпы, «эфир» сөзінің мағынасы қандай?
Рауан Ұларбекұлы,
Қостанай қаласы

Көптеген танымдық анықтамалық­тарға сүйенсек, «эфир» сөзі грек тілінен аударғанда «ауаның жоғарғы қабаты» немесе «жоғарғы ауа» деген мағына береді. Бұл құбылыстың қазақ тіліндегі баламасы – «әуе толқыны».
Тікелей эфир – тележурналистикада уақыт дәлдігін сақтап, жедел хабар таратудың кәсіби әдісі, шығармашылық-техникалық сипаттағы соңғы технология­лық прогресс, аудиториямен қарым-қатынастың айрықша тәсілі, өзгеріске ұшырамайтын нақты құбылыс. Түптеп келгенде, алуан түрлі пішіндер мен жанр­лық ерекшеліктерді қамтып, бір мезгілде атқарылатын бірнеше істің басын қосатын ұжымдық үйлесім мен жүргізушінің лингвистикалық және пси­хологиялық белсенді іс-әрекетінің нәтижесінде жүзеге асатын қызмет жүйе­сі.
Экран алдында сөйлейтін жүргізуші болғанымен, оның артында техникалық тетікті ретке келтіретін, эфирді әуенмен әрлеп, сөзбен көмкеретін, әрбір іс-қимы­лыңды қалт жібермей, дәлдікпен түсіретін студия операторлары, оператордың түсірген суретін эфирге шығарушы режис­сер, дыбыс режиссері, телефон қоңы­рауын эфирге қосатын өзге де техникалық қызметкерлер бар.
Осы тұрғыдан келгенде, тікелей эфир – бір мезгілде атқарылатын бірнеше істің басын қосатын ұжымдық үйлесімнің нәти­жесінде жүзеге асатын іс-әрекет.
«Айтылған сөз атылған оқпен тең» деген халықтық нақыл уақытқа тәуелді құбылыс, тікелей эфирдегі жұмыс проце­сінің ең негізгі ережесі деуге әбден бо­лады.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста