Джинсы дүниежүзіндегі барлық халықтардың ортақ киіміне айналғалы қашан?! Бірақ оның ең алғаш қайдан шыққанынан хабарсызбыз.
Зарина мен Назерке, Арқалық қаласы
Шынымен де, оның үлгісі өзгеруі мүмкін, бірақ киімі қалар емес. Джинсы – тығыз, қалың етіп мақта матасынан жасалған, қалталарында екі қатар тігісі бар шалбарлар. Оны 1853 жылы Леви Страусс фермерлердің жұмыс киімі ретінде тігіп шығарған. Джинсы алғашында италиялық немесе франциялық өндірістің кенеп матасынан тігілетін. Осы матаның арқасында джинсы мықты, төзімді болып шықты. Енді мақта бірте-бірте кенепті ығыстырып тастады. Тарихшылар джинсы атауының шығу тарихын ағылшын тіліндегі denim и jeans сөзінің, біріншісі – Францияның әсем маталар шығаруымен танымал болған Ним қаласы және Италияның тоқыма фабрикасының отаны саналатын Генуя қаласымен байланыстырады. 1597 жылы Генуя қаласының итальян матростары «джинс» деп аталатын осындай шалбарлар киіп жүрген. Ал америкалықтар болса «жұмыс киімін» дүниежүзіне танытқан өздерінің отандастары, тігінші Леви Страусс екенін мақтаныш етеді. Өткен ғасырда-ақ базарлардан көрінген «Модель-501» деп аталатын ең алғашқы жаңа үлгі шынында да, Леви Страусстың үлесінде екені рас. Осындай жарнамадан соң джинсының отаны Америка сияқты көреміз. Дегенмен америкалықтар Леви тігіп жүрген джинсы әуелде Италиядан әкелінгенін мойындайды.
Джинсы ең алғаш Италияда шыққан екен
Последние статьи автора