Дос басқа, дұшпан аяққа қарайды

Төрт мезгілге орай жылда аяқ киімді ауыстыруға тура келеді. Оның үстіне қалтаңа қарап, көбіне сапасыз дүние аласың. Сонда да сол аяқ киімдерді күтіп, үш-төрт жыл киюге болмас па екен? Қалай күтуге болатын жолдарын айтасыз ба?
Дастан ХАСЕНОВ,
ШҚО

Кейде аяғыңыздан да, аяқ киіміңізден де қоламса иіс шығады. Оны аяғыңыздан, не көнерген шұлықтан көресіз. Ал шындығында, иістенетін – аяқ киім. Бұл – терінің сапасыздығынан болып жатыр. Оны нашатыр спиртімен, сутек қышқылымен болмаса «Тюльпан» атты арнайы иіс өлтіретін дәрмекпен кетіреді. Сосын аяқ киімді желге шығарып кептіреді. Сондай-ақ су болған аяқ киімді жылы жерге қойып кептіргенмен іс бітпейді. Керісінше, оның тым құрғап, бүрісіп қалуы мүмкін. Кепкен аяқ киімді дереу кастор майы, өсімдік майы, глицерин, вазелинмен жібітеді. Ол болмаса кебістің іші мен сыртын одеколонмен шылайды. Дымқыл аяқ киімді пешке, батареяға кептірмейді. Ішіне қағаз толтырып, жылы жерге қойса болды. Қағаз дымқылды сорып алады. Аяқ киімнің сыртқы терісін бір нәрсеге соғып жалбыратып алсаңыз, әлгіні жұлып, лақтырып тастамаңыз. Ептеп кесіп, қағазға бүктеп алыңыз. Үйге келісімен, БВ желімімен орнына желімдей салып, үстінен тырнақ лагын жақсаңыз, орны көрінбей кетеді. Лакты аяқ киімдерді жылу жүйелерінен алыс, ораулы күйде сақтайды. Лакталған кебіс не басқа бұйымдарды жұмыртқаның ағымен, пиязбен сүртсе, жарқырайды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста