Осы Доминика елі мен Доминикан Республикасының атауы өте ұқсас екен, тіпті көпшілігі шатастырып жатады. Екі елдің атауының төркіні бір ме?
Жанғазы Бектай, Алматы
Рас, атауы өте ұқсас келген Доминика елі мен Доминикан Республикасы екеуі де Кариб теңізі аймағында орналасқан. Бірақ екі елдің атауының төркіні мүлде бөлек. Доминика итальянның «жексенбі» деген сөзінен шыққан. 1493 жылы 3 қарашада, яғни жексенбі күні осы аралды ашқан атақты жиһангез Христофор Колумб бұл жерді «доминика» – «жексенбі» деп атайды.
Ал Доминикан Республикасының атауы доминикандықтардың орденінің негізін қалаушы Әулие Доминик де Гусман Гарсестің құрметіне байланысты шыққан. Ел астанасы Санто-Доминго атауының да осы кісінің есіміне қатысы бар. Айта кетейік, «доминго» сөзі испан тілінен аударғанда да «жексенбі» деген мағынаны береді.
Доминика мен Доминикан Республикасының атауының төркіні екі бөлек
Последние статьи автора