Домен деген не?
Айшылық алыс жерлерден бір демде ақпарат алуға мүмкіндік беретін қазіргі заманның үлкен жетістігі – интернет алғаш қай елде пайда болды? Сондай-ақ сіздер қазіргі интернет домендерінің түрлерін жазсаңыздар деймін.
Нұржан Құныпиянов, Алматы қаласы
Интернет 1960-жылдары алғаш АҚШ-та дүниеге келдi. Оны соғыс бола қалған жағдайда бір-бірімен телефон арналары арқылы қосылған компьютер желілерімен байланысып отыру үшін АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан. 60-жылдардың аяғында Пентагон ядролық соғыс бола қалғанда, компьютер желісінің үзілмеуі үшін арнайы жүйе жасады, тәжiрибенiң ойдағыдай жүргiзiлу барысында ARPA-net желiсi пайда болып, ол Калифорниядағы және Юта штаты зерттеу орталықтарындағы үш компьютердi ғана бiрiктiрдi. Кейiн ARPA-net бейбiт мақсатқа қызмет еттi, оны негізінен ғалымдар мен мамандар пайдаланды. 80-жылдардың басында «интернет» деген термин пайда болды. Бұл – ағылшынның халықаралық желі деген сөзі. Ал сіз сұраған интернет домендеріне келер болсақ, олар төмендегідей. Ұйымдық тиiстiлiгi бойынша домен атаулары: gov – үкіметтік; org – үкіметтен, коммерциядан тыс; edu – білім; com – коммерциялық; mil – әскери; net – желілік; museum – мұражайлар; name – жеке есімдер; aero – авиакомпаниялар; coop – бірлескен, коммерциялық; biz – бизнес; info – ақпараттық; pro – кәсіпқой. Мысалы: http://www.loc.gov (АҚШ Конгресінің кітапханасы); http://www.cnn.com (CNN Компаниясы). Аймақтық белгiсi бойынша домендер атауы: kz – Қазақстан; uk – Ұлыбритания; us – АҚШ; ru – Ресей; se – Швейцария; de – Германия; ua – Украина; fr – Франция.