Қазір Алматыда автобустардың көбі жанармайы қатып қалғандықтан жүрмей жатыр. Тіпті жүріп келе жатқан көліктің өзі тоқтап қалатындарын көріп жүрміз. Ал Алматының өзге өңірлермен салыстырғанда жылы екендігін ескерсек, жанармайдың жаппай қатуына не себеп?
Қарлығаш З., Алматы облысы
Дизель отыны мұнайдың ашық түсті фракцияларына жатады. Бұрынғы аты солярка – немістің Solaröl (күн майы) деген сөзінен алынған. Негізінен, теміржол, кеме, автокөлік транспортында қолданылады. Қазіргі қолданыстағы дизель отыны үш түрге бөлінеді:
Жаздық дизель – тығыздығы 860 кг/м3, -10 градусқа дейін қатпайды.
Қысқы дизельдің тығыздығы 840 кг/м3, -25-35 градусқа дейін суыққа шыдауы тиіс.
Арктикалық дизель отынының тығыздығы 830 кг/м3, -55 градусқа дейін қатпайды.
Алматыдағы +20 градустық суықтарда тасымал мәселелерінің туындауына, біріншіден, отандық жанармай зауыттарының, олардан кейінгі тізбектегі ірі алыпсатарлардың «үнемділігі» кінәлі болса керек. Олар маусымнан артылып қалған жазғы дизельді түрлі депрессорлық қоспалар мен керосин немесе бензин қосу арқылы «қысқы отын» жасап сатумен көп әуестенеді. Ал арктикалық дизельді жүйелі түрде жеткізу жолға қойылмаған.
Екіншіден, автопарктердің өзі де қысқа дайындықсыз келеді. Қазір бактегі жанармайды, жанармай жүретін түтіктерді, дизель форсункаларын бірге ысытып, көліктің оталуын да, жүруін де жеңілдететін қондырғылар бар. Оны кішігірім автопарктердің шеберханалары да жасай алар еді.
Сондай-ақ дизель отынына альтернатива ретінде биодизель, эмульгирленген дизельдерге де назар аудару керек.
Дизель неге қатады?
Последние статьи автора