Дисплазияны қалай емдеуге болады?

Қазір шыр етіп дүние есігін ашқан сәбилерге ортан жіліктің ұршық басы дисплазиясы деген диагноз көп қойылатын болды. Жалпы, дисплазия деген қандай ауру, ол неден пайда болады, оның алдын алу үшін не істеу керек?
Маржан,
Ақтау қаласы
Бұл сұраққа ортопед маман Жұмахан МОЛДАҚҰЛОВ жауап береді:
– Негізі, дисплазияның түрлері өте көп. Соның ішінде ұршық басы диспла­зиясы туралы айтатын бол­сақ, бұл нәресте ананың жатырында жатқан кезінде сүйек­тері мен жіліктерінің дұрыс дамымауынан пайда болады. Бұған тұқымқуалаушылық, анасының жүкті кезінде түрлі сырқаттармен ауыруы, сәбидің ірі бо­луы, экологиялық жағдай, дұрыс тамақтанбау – осы­ның бәрі әсер етеді. Мұны дер кезінде емдемесе, бала аяғының кемістігіне, бір аяғының екіншісінен қысқа болуына әкеліп соғады. Мұны емдеу үшін ортопед дәрігерлер нәрестенің буындарын сылап-сипап, физиотерапия жасап, емдік үзеңгі кигізеді. Бұл жерде ата-аналар да нәресте дүниеге келген соң  оның буын­дарына массаж жасап, қимылдатып отыруы керек. Бұрын әжелеріміз нәресте дүниеге келгеннен бастап, бесікте ұйықтап тұрған сайын сәби­дің жауырыны жабысып қалмасын, қозғалыста болсын деп үнемі аяқ-қолдарын тартып, сылап-сипап отыратын. Қазіргі ата-аналар осыны аз жасайды. Сондықтан мен бұған аса мән беру керектігін айтар едім.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста