Мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорын директоры жұмыстан кетуіне байланысты, уақытша директордың міндетін атқару орынбасарға жүктелді. Осы орайда менің білгім келгені, директордың міндетін атқарушыға қызмет аясының кеңеюіне байланысты 50% көлемде үстемеақы төленуі керек пе?
Балқия БАЙДӘУЛЕТОВА, Жамбыл облысы
Еңбекті нормалау және еңбекке ақы төлеу басқармасының сарапшы маманының мәліметінше, азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» № 1400 Қаулысымен ( бұдан әрі – Қаулы ) реттеледі. Қаулыға 19-қосымшада мамандарға, қызметшілерге және жұмысшыларға лауазымдарды қоса қызмет атқарғаны (қызметтер көрсету аясы кеңігені) үшін қызметкердің лауазымдық жалақысынан 50 %-ға дейінгі мөлшерде қосымша ақы белгіленген.
Қаулыға сәйкес аталған қосымша ақы мекемелердің басшыларына, олардың орынбасарларына қолданылмайды.
Директордың міндетін қоса атқарғанда қосымша ақы төлене ме?
Последние статьи автора