Дипломатиялық қызметтің міндеттері қандай?
Мені дипломатия мамандығы көбірек қызықтырады. Осы ретте дипломатиялық қызметтің міндеттері туралы білгім келеді.
Елдос, Тараз
ҚР дипломатиялық қызметі туралы заңның 5-бабы бойынша, дипломатиялық қызмет органдарына төмендегідей мiндеттер жүктеледi: ҚР сыртқы саясатының тұжырымдамасы мен негізгi бағыттарын әзiрлеу және ҚР Президентi мен Yкiметiне тиiстi ұсыныстар беру; ҚР сыртқы саяси және сыртқы экономикалық стратегиясы бойынша ҚР Президентi үшiн ұсыныстар әзiрлеу және Президенттiң халықаралық бастамаларын iске асыру; ҚР сыртқы саяси бағытын iске асыру, ҚР сыртқы экономикалық саясатын жүзеге асыруға және халықаралық беделiн нығайтуға жәрдемдесу; ҚР егемендiгiн, қауiпсiздiгiн, аумақтық тұтастығын және шекараларының мызғымастығын, оның басқа мемлекеттермен өзара қарым-қатынастардағы және халықаралық аренадағы саяси, сауда-экономикалық және өзге де мүдделерiн дипломатиялық құралдар мен әдiстер арқылы қорғауды қамтамасыз ету; шетелдерде ҚР азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерiн қорғау; ҚР халықаралық бейбiтшiлiктi, ғаламдық және аймақтық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi күш-жiгерiн дипломатиялық құралдар мен әдiстер арқылы iске асыру; ҚР шет мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен дипломатиялық және консулдық қарым-қатынастарын жүзеге асыру; шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда Қазақстанның орталық атқарушы органдарының халықаралық қызметiн үйлестiру; әлемдегi саяси және әлеуметтiк-экономикалық жағдайға талдау жасау және орталық мемлекеттiк органдарды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз ету.