Қазақстанда діни бірлестіктерді қайта тіркеу жүзеге асырылып жатқаны мәлім. Діни бірлестікті тіркеу үшін қандай құжаттарды өткізу керек?
Асылбек ХАМЗАХАНОВ, Алматы облысы
Республикалық діни бiрлестiктердi және өңірлік діни бірлестіктерді мемлекеттiк тiркеудi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi жүзеге асырады. Жергілікті діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеуді, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді аумақтық әдiлет органдары жүзеге асырады. Діни бірлестікті құру туралы шешім қабылданған сәттен бастап екі ай мерзім ішінде тіркелу үшін тіркеуші органға өтініш беріледі. Өтінішке: 1) діни бірлестік басшысының қолы қойылған діни бірлестіктің жарғысы; 2) құрылтай жиналысының (съезінің, конференциясының) хаттамасы; 3) тіркеуші орган белгілеген нысан бойынша электрондық және қағаз жеткізгіштердегі құрылатын діни бірлестіктің бастамашы азаматтарының тізімі; 4) дiни бiрлестiктiң орналасқан жерiн растайтын құжат; 5) діни ілімнің пайда болу тарихы мен негіздерін ашып көрсететін және осы ілімге сәйкес келетін діни қызмет туралы мәліметтер қамтылған діни баспа материалдары;
6) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін алымдар төлемін растайтын құжат;
7) діни бірлестіктің басшысын сайлау туралы шешім не шетелдік діни орталық басшыны тағайындаған жағдайда, уәкілетті органмен келісілгенін растайтын құжат қоса беріледі. Діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, діни бірлестіктен басқа, өзгеше ұйымдық-құқықтық нысанда діни қызметпен айналысатын заңды тұлғаларды құруға және олардың қызметіне жол берілмейді.
Діни бірлестікті тіркеу үшін қандай құжаттар керек?
Последние статьи автора