Таяуда «көктем айларында кейбір адамдарда девиантты мінез-құлық пайда бола бастайды» дегенді естіп едім. Оның нақты сипаттамасы қалай?
Нұрбике, Қызылорда қаласы
Әлеуметтану саласында «девиантты мінез-құлық» тұжырымдамасын қалыптастырған француз ғалымы Эмиль Дюркгейм. Ол әлеуметтік девиацияны түсіндіру үшін аномия тұжырымдамасын ұсынды. «Аномия» термині француз тілінен аударғанда ұжымның, заңның болмауы.
Девиантты мінез-құлықтың сыртқы физикалық жағдайларына климаттық, геофизикалық, экологиялық факторларды енгіземіз. Мысалы, шу, геомагниттік, өзгеріс, таршылық, т.б жағдайлар үрей туғызып, агрессивті және басқа да қажетсіз мінез-құлықтың көрінуінің бір себебі болады. Мінездің ауытқуына әлеуметтік орта әсерлері де өз ықпалын тигізбей қоймайды. Әлеуметтік-экономикалық жағдай, салт-дәстүр, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жағымсыз ақпараттар тасқыны сияқты қоғамдық үрдістер адамның мінез-құлқына айтарлықтай әсерін тигізеді. Бұған сондай-ақ микроәлеуметтік орта (отбасының өмір стилі және деңгейлері, отбасындағы өзара қарым-қатынас типі, отбасындағы тәрбие стилі, достар, басқа да маңызды адамдар) да қатты әсер етеді.
Девиантты мінез-құлық деп, негізінен әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлықты айтады. Ол ауытқыған мінез-құлықтың бір түрі. Кейбір әдебиеттерде бұл типті «антидисциплиналық» деп те атайды, яғни бұл терминді белгілі-бір қоғамдық тәртіпке мойынсынбайтын адамға қарата айтуға болады. Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан, еңбектен бойын аулақ салу, үйден қашып кету, маскүнемдік, нашақорлық, қоғамға жат қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық, суицид т.б. жатады.
Девианттық деген қандай мінез?
Последние статьи автора