Декреттік демалысқа қай кезеңнен бастап шығады?

Жүкті әйелдерге әлеуметтік төлемдер қалай төленеді? Мен 2012 жылдың қазан айынан 2013 жылдың ақпан айына дейін жұмыс істедім. Осы еңбек өтілім есептеле ме?
Алуа Марланқызы,
Талдықорған қаласы
Жүктілік пен босану бойынша демалыс жұмыс істейтін әйелдерге жүктіліктің 30-ыншы аптасынан бас­тап еңбекке уақытша жарамсыздық парағы (бұдан әрі – науқастық парақ) негізінде беріледі.
«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүктілік пен босануға байланысты табы­сынан айырылған жағдайда берілетін бір реттік әлеуметтік төлем   жүктілікке байланысты демалыс алған жұмыс істейтін әйелдерге тағайын­далады. Оның мөлшері соңғы 12 ай ішінде қорға нақты төленген ай сайынғы әлеуметтік аударымдар негі­зін­де есептеледі.
Сонымен қатар егер сіз жүктіліктің 30-ыншы аптасында жұмыс істемейтін болсаңыз, онда сізге бір реттік әлеуметтік төлем тағайындау мүмкіндігі болмайды.
Бала туылғаннан кейін сіз  тиісті құжаттармен тұрғылықты жеріңіз бойынша Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың бөлімшесіне келесі мемлекеттік жәрдемақыларды алуға өтініш жаза аласыз:
1) бірінші, екінші, үшінші баланың туылуына орай – 30 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) немесе 51 930 теңгеге;
– төртінші және одан да көп баланың туылуына орай – 50 АЕК немесе 86 550 теңгеге тең бір реттік мемлекеттік жәрдемақы тағайындауға;
2) бірінші балаға – 5,5 АЕК немесе 8899 теңгеге;
– екінші балаға – 6,5 АЕК немесе 10 517 теңгеге;
– үшінші балаға – 7,5 АЕК немесе 12 135 теңгеге;
– төртінші балаға – 8,5 АЕК немесе 13 753 теңгеге тең бала күтіміне байланысты мемлекеттік бюджет есебінен төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы.
2013 жылдың 1 қаңтарынан АЕК = 1731 теңгені құрайды. Бұл мәліметтер құзырлы саланың көмегімен дайындалғанын ескертеміз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста