Қазір облигациялар дефолты дегенді көп естимін. Оның мағынасы не?
Мұрат Сұлтанбеков, Шымкент
Дефолт қарыз алушы субъектінің мойнына алған міндеттемесін орындай алмауды білдіреді. «Қаржы ұйымы алған қарызын өтей алмады, алашағынан берешегі көп» деген мағына береді. Ал облигация – қарыз алуды білдіретін құнды қағаз. Мысалы, кішігірім кәсіпорын 100 миллион теңгеге облигация шығарып, оған жылына 12 пайыз сыйақы төлеуге және үш жылдан соң кері сатып алуға уәде етеді. Оны сатып алатын инвесторлар – зейнетақы қорлары мен пайлық инвестициялық қорлар. Олар қолындағы қаржыны қарызға беру арқылы пайда табуды көздейді. Төлем мерзімі жеткен кезде борыш иесі облигацияларды кері сатып алуға шамасы жоқтығын жариялауы мүмкін. Мұндай жағдайда инвесторлар зиян шегеді. Бүгінге дейін елімізде тоғыз компания өз облигациялары бойынша дефолт жариялады. Олардың біразы тек сыйақыны төлей алмаса, кейбірі негізгі қарызды да өтей алмайтын болып отыр.
Дефолт деген не?
Последние статьи автора