Дауыстың күші қаншалықты?

Дауыстың күші қаншалықты?

«Дауысы алты қырдың ар жағынан естілетін» әнші, сал-серілер туралы жиі айтылады. Солардың дауыс күші қандай болды екен? Жалпы, адамның дауысын қалай өлшейді?
Батыр Әзімбаев,
Аягөз қаласы
Әйгілі данышпан Сократқа сы­на­­­ту үшін бір адамды алып ке­ліпті. Әл­­­гі адам ә де­геннен қы­сылып, үн­де­­­мей қалса керек. Со­дан оған әрі қа­­­рап, бері қарап отырған Сок­­рат «сөй­­­лесеңші енді, мен сені көрейін де» деген екен. Сонда ай­тылғандай да­­уыс адам­ның ішкі дүниесін көр­­­се­теді. Сонау ертеректе, яғ­ни 1228 жылы Сицилия аралының им­­пе­ра­торы Фри­дрих фон Хо­хен­штау­фен­нің сарай астро­ло­гы әрі ой­­шылы Ми­­шель Скоттус өзінің «Фи­­­зиог­но­ми­ка» атты еңбегінде адам­­ның мі­не­зі­не қарай үннің 13 түр­­ге жіктелетінін атап көрсеткен екен.
Бүгінде адамның дауысын жиілік, күш, ұзақ­тық және тембр секілді па­ра­­­ме­трлер ар­қылы қарастырады. Үн­­­нің жай не баяу шы­ғуы дауыс жел­­­бе­зе­гінің бір секундтағы тер­бе­лі­­­сі­не байланысты, ал ол Герц бір­лі­гі­­­мен өлшенеді. 1 герц – се­кунд­та­ғы бір тербеліске тең. Ал адамның да­уы­­­сы се­кундына 80-нен 10 000 тер­бе­­­ліс­ке дейін тер­белуі мүм­кін.
Ал енді дауыс күші децибел деп ата­­­­­латын бірлікпен өлшенеді. Екі ға­шық­­­­­тың үздіккен үні шамамен 30 де­ци­­­­бел­­ді құраса, ашу үстіндегі дауыс 60 децибелге дейін көтеріледі. Жа­бық кеңістіктегі жай ғана сөйлеген ше­­­­шеннің дауысы 55 децибел бо­­лу­ға тиіс десек, ашық кеңістікте оны 80 де­цибелге дейін көтеруге болады.
Әншілердің дауысы әннің ыр­ға­ғы­на қарай 30-дан – 110, тіпті 130 де­цибелге дейін көтеріледі. Ал ен­ді «а­лты қырдың астына жететін» Ақан, Біржан, Әсет пен Әмірелердің да­уысы бұд­ан да жоғары 150-160 де­цибелді құр­­аған болуы мүмкін. Ал мұндай дауыс жабық кеңістікке сый­майды. Әйг­ілі Әміре кезінде Па­риж сах­насында ән шырқағанда теа­тр­дың жа­рықшамдарының өзі сы­қыр­лап кеткен. Же­з таңдай әнші Жә­нібек Кәрменов ән ­салғанда да бөл­менің терезелері мен жоғарыда жа­нып тұрған жарықшамға дейін сықырлайтын болған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста