Дәрігердің қабылдауына. ЭЦҚ-сыз онлайн жазылуға немесе дәрігерді үйге шақыруға болады
EGov порталы арқылы өзіңіз тіркелген емханадағы дәрігердің қабылдауына жазылып, немесе оны үйге шақыра аласыз.
Қабылдауға жазылу үшін:
Порталдағы "Денсаулық сақтау" бөлімінде авторизациядан өткен соң, "онлайн қызметке тапсырыс беру" батырмасын басыңыз. Содан кейін дәрігерге бару уақыты мен күнін таңдап, өтінімді толтырыңыз. 30 минут ішінде жеке кабинетіңізге өтініміңіздің расталғаны туралы хабарлама келеді.
Сілтеме - https://egov.kz/cms/ru/online-services/for_citizen/495pass_mz
Дәрігерді үйге шақыру үшін:
Осы бөлімде қажетті қызметті таңдап, онлайн тапсырыс беріңіз және өтінімді толтырған кезде шақыру себебін көрсетіңіз. 30 минуттан кейін жеке кабинетіңізге хабарлама келеді.
Сілтеме - https://egov.kz/cms/ru/services/health_care/496pass_mz
Маңызды! Бұл қызметтерге өтінімді ЭЦҚ-сыз беруге болады!
Қызметтерді онлайн алып, уақытыңызды үнемдеңіз. Зор денсаулық тілейміз!
@egovhelpkz