Дәрігер: Тырнақ бояуы қатерлі ісік ауруын тудырады

Тырнақ бояулары қатерлі ісік ауруына алып келуі мүмкін. Алматылық лор дәрігер Злата ПарУчикова қыз-келіншектерге осындай ескерту жасады. Сөзіне қарағанда, бояулар тырнаққа ауа жібермей түрлі аурулар тудырады екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қал, қас-кірпікті қойып, тырнақтың өзі сәнге айналғаны қашан. Қыз-келіншектері оны әдемілеп бояп алады. Сөйтсек ол, қауіпті екен. Әсіресе лакты ультракүлгінді сәулемен кептірудің зияны көп. Мамандардың айтуынша, бояулар қатерлі ісікке алып келуі мүмкін.

 
"Әйелдер жақсы көретін гель-лак түрлі ауру тудырады. Оның ішінде тырнақ саңырауқұлағы, меланома, яғни қатерлі ісік бар. Мұның барлығы тырнаққа ауа жетпегенде пайда болады. Яғни үздіксіз боялған тырнақтарда осындай аурулар пайда болады", - деді лор дәрігер Злата ПарУчикова.

Злата Паручикова, бұл тақырыпты әбден зерттеп, білгенін айтады. Боялған тырнақ әсіресе жүкті әйелдерге қауіпті екен.

Қазір қыз-келіншектер арасында ұзын әрі боялған тырнақ сәнге айналған. Оның үстіне сән салондарының қызылды-жасылды бояулары көз бен сананы жаулайды. Сондықтан қыздар көбіне осында келіп, тырнақтарын жасатады.

Тырнақ бояу табысты бизнестің бір түрі. Алматыда бір ғана сұлулық салоны айына кем дегенде 150 қыз-келіншектің тырнағын әрлейді екен. Олардың арасында жасанды тырнақ жапсыратындары да бар.

"Кез келген әйел адам әдемі болып жүргісі келеді. Ал негізі уақыты бұның 2-3 апта. 3 аптадан артық ұстауға болмайды. Кейбір клиенттер бар бізде, 3 айға дейін жүреді. Бір жасап. Ол уже жасатқаннан кейін тырнаққа ауа бармайды. Тырнақтың асты қарая бастайды. Сол үшін уақытында жасату керек", - деді тырнақ шебері Айгүл Рахымғалиева.

Тырнақтың да күтімі ауыр. Мамандардың айтуынша, үздіксіз боялған тырнақ бүлінеді. Ал, оны қалпына келтіру үшін жарты жылға дейін тер төгу керек екен. Бірақ ол ережені қыздар біле тұра, ескермейтін көрінеді.

Тырнақ бояу үшін жаралмаған. Дәрігерлердің айтуынша, адам ағзасындағы өзгерістер әуелі осы тырнақтан байқалады екен. Мысалға: созылмалы аурулар шыққанда немесе дәрумен жетпегенде тырнақтың сыртқы қабаты қабыршықтанады екен.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста