Әлем бойынша көнеден бүгінге дейін қолданыста келе жатқан ең ежелгі ту қай елдікі болып саналады?
Дархан ӘБІЛҒАЗЫ, Жамбыл облысы
Қызыл түсті, ақ түсті крестермен айшықталған Дания мемлекеттік туы әлемдегі қазіргі кезге дейін қолданылып жүрген ең ежелгі ту болып саналады. Даттықтар өз туын даннеброг деп атайды. Бұл тудың шығу төркіні дат аңыздарында былай баяндалады. 1219 жылы «Жеңімпаз» деп аталып кеткен дат королі Вальдемар ІІ-нің әскері Балтық бойындағы Колывани жерінде тұрақтап жатады. 1912 жылы 15 маусымда король мен епископтар басқарған дат әскеріне тұтқиылдан эстон жасағы шабуылдап, даттықтар отряды кейін шегіне бастайды. Жан алысып, жан беріскен шақта дат епископтары қырат басына шығып, Құдайдан жалбарынып көмек сұрайды. Бір кезде аспаннан ақ крестері бар қып-қызыл өте үлкен кенеп мата – Даннеброг түседі. Мұның Құдайдан түскен жалау екеніне сенген даттықтардың рухы оянып, қайратқа мініп, дұшпанын тойтарған екен. Колыванидегі Вальдемар шайқасы болған күннен бастап даттықтар Даннеброг жеңісті күнін атап келеді.
Дания туы – Құдай тарту еткен ең ежелгі ту
Последние статьи автора