Чебурашка шынайы өмірде бар аң ба? Болса, қай елде өмір сүреді? Неге осы күнге дейін бір чебурашка көрмейміз?
Жалғас Омаров, Алматы қаласы
Қалқан құлақ кейіпкердің «әкесі» – «Қолтырауын Гена мен достары» атты шығарманы жазған Эдуард Успенский деген балалар жазушысы. Негізі, ұшқыш мамандығын меңгергенімен, бір күн әуеде ұшып көрмеген бұл тұлғаны танымалдылық биігіне шығарған осы туынды болса керек. 1966 жылы дүниеге келген мультфильмнің қызықты кейіпкері жайлы талас көп. Бір дерек Чебурашканың тегін Африканың Мароккосын мекен етуші құйрықсыз маймыл макака дейді. Мароккодан Қара теңіз арқылы импортпен келген апельсиннің арасына түсіп кеткен ол солайша кездейсоқ Одессаға келгенге ұқсайды. Бұған Э.Успенскийдің өз естелігінде айтылған ой да сәйкес келетіндей. Одесса портында деректі фильм сценарийін жазып жатқан жазушы бір күні банан тиелген жәшіктен үлкен таңғажайып бір аңды көзі шалып қалғанын айтады. Есінде қалып қойған сол аңды кейін қиялымен дамытып, мультфильмге косқан көрінеді. Ал Чебурашка деген атты әдейі ебедейсіз қылықтары үшін қойған екен. Орыс тілінің түсіндірме сөздігінде «чебурахнуться» ұғымы «құлап қалу, күл-талқаны шығу» дегенмен қатар «құласа да, қайта тұратын ойыншық» мағынасында да қолданылады екен.
Чебурашка қандай аң?
Последние статьи автора