Көнекөз кісілерден «бұзаушығын сақтап қойдым» дегенді естуші едік. «Бұзаушық» сөзінің мағынасын тарқатып бересіздер ме?
Нариман ҚАРАБЕКОВ, Алматы қаласы
Қазір көбіне жұрт шеттен келген дайын сабындарды тұрмыс-тіршілікке пайдаланады. Бұрын әжелеріміз өз қолдарымен сабын жасау технологиясын жақсы игергені аян. «Бұл өзі мехнаты көп жұмыс болғандықтан әрі кім көрінген жасай бермейтіндіктен, ауыл жұртшылығы кім сабын жасаса соған сәлем айта келіп, сабын сұрайтыны бар. Қазандағы сабынды шүберектерге әртүрлі деңгейде ораған соң, қазанның түбінде қалған азырақ бөлігін кішкентай ғып, әдемілеп домалақтап, балаларға сақтайды. Мұны «бұзаушық» деп атайды. Бұзаушық баланы шомылдырғанда жасалады. Мынау сенің бұзаушығың деп қыз балаларға меншіктеп беретін де дәстүр болған. Кейде көрші-қолаңның келіндері қасына жас баласын ертіп келетіндіктен, баласына арнайы бұзаушық жасап та беретін болған. Ауыл-аймақ сабын сұрап келсе, өзінен артылғанын беру – дағдылы іс. Бірақ үлкен сабынды ортасынан бөліп, жартысын беру дәстүрі жоқ. Ондай кезде сабыннан берекет, үйден құт кетеді деп ырымдайды», – дейді сабын жасау әдісін бүгінге жеткізуші қолөнер шебері Дариға Кемелбекқызы.
Бұзаушық – балалар сабыны
Последние статьи автора