Бұл күндері Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 66-сессиясы өтіп жатыр. БҰҰ-ның басты органдары қайда орналасқан?
Марал АҚЖІГІТ, Алматы
1945 жылы 24 қазанда құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымының басты органдары АҚШ-та ғана, сондай-ақ әр елде, әр қалада орналасқан. Мәселен, БҰҰ Бас Ассамблеясы Нью-Йоркте, Қауіпсіздік кеңесі Нью-Йоркте, Экономикалық және әлеуметтік кеңестері Нью-Йоркте, Халықаралық сот Гаагада, опек бойынша кеңес Нью-Йоркте, Хатшылық Нью-Йоркте қоныс тепкен.
Сондай-ақ БҰҰ-ның арнайы органдарының көбі Америка мен Еуропада. Мысалы, Бүкіләлемдік метеорологиялық ұйым Женевада, Бүкіләлемдік пошта одағы Бернде, Халықаралық еңбек ұйымы Женевада, Ауыл шаруашылығын дамыту халықаралық қоры Римде, Денсаулық сауқтау халықаралық ұйымы Женевада, Халықаралық теңіз ұйымы Лондонда, Халықаралық валюта қоры Вашингтонда, БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет бойынша ұйымы (ЮНЕСКО) Парижде, Бүкіләлемдік банк тобы Вашингтонда, Интеллектуалдық меншік бүкіләмдік ұйымы Женевада, МАГАТЭ Венада, Азаматтық авиация халықаралық ұйымы Монреальда, Электр байланысы халықаралық одағы Женевада, БҰҰ-ның Өнеркәсіптік даму бойынша ұйымы (ЮНИДО) Венада, Туризм бойынша бүкіләлемдік ұйым Мадридте орналасқан.
БҰҰ-ның басты құрылымдары қайда орналасқан?
Последние статьи автора